Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (16)

Ватсапптағы бейтаныс жігітке

Бір жігіттен ватсаппқа бір хат келді,
Хатын ашсам "сәлем" деп белгі берді.
Әңгіме деген көп уақытқа созылып,
Бір сағат қалай дегенше өтіп кетті.

Толық

Сүйемін, мен сізді шыныменен

Сүйемін, мен сізді шыныменен
Ыстық сезім, пəк жүрек, көңілменен
Сіз деп соққан бір жұдырық жүрегімде
Алаңдау бар ұмыт болар күдікпенен

Толық

Кел маған

Кел маған мен жабыққан шақтарда,
Екеуміз аралаған сол бір бақтарға,
Көңіл бөлер екі-үш сағатымда,
Күтемін қайың ағаш жақтарда.

Толық

Өткінші сезім

Алғаш рет сол адамды көргенде,
Өң бойым жалындап түршіккенде,
Күлкісіне, жүзіне ғашық болдым,
Байқаусызда тұтанған сол сезімге

Толық

Дауысына ғашық ем

Тағы да қолыма қалам алдым,
Бұл жолы саған ғана арнап жаздым.
Танысқанда өзіңменен білесің бе?
Жарқын шыққан дауысына ғашық болдым

Толық

Бозша- туған менің ауылым

Бозша шіркін, керемет қой қашанда,
Таң қаласың ауасына барғанда,
Кешкі кезде ауласында отырғанда,
Шабытына шабыт қосар жазғанда.

Толық

Жан әке

Отбасымның тірегі бір өзіңсің, жан əкем,
Мұңаймасын ақ жүзің ешқашан да, жан əкем,
Ерке қызың ақтай алар өзің артқан үмітті,
Уайымдама, алаңдама біз үшін, жан əкем.

Толық

Мен қазақтың қызымын

Ата-ана үмітін ақтайтын,
Салт-дәстүрін сақтайтын,
Аяулы да ақжарқын,
Мен қазақтың қызымын!

Толық

"Сенуге болмайды ешкімге"

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Толық

Сәби монологы

Жаздың бір жайдарлы күні екен
Ол кезде ата-анам жас екен
Махаббат сезіміне мастанып
Кейіннен мен дүниеге келген екем

Толық

Басынан ол да өтер бұл өмір ғой.

Қиялданып басымды тасқа соққам,
Армандаумен жібек жіпке моншақ таққам,
Бірақ та өмір деген алдамшы екен
Ол қиялдан ащы дәм балын татқам.

Толық

Болашақ жарыма

Түн уағы. Тағы да сізді ойлаймын
Сезім тереңіне ерік беріп бойлаймын
Жүрегімнің жартысы бір өзіңіз
Сізге арнап жыр жазуға тоймаймын

Толық

Жер жәннатым – Бозша

Әр адамға өсіп өнген елі қымбат,
Өз жерінің әрбір гүлі, тасы сымбат,
Ақындардай қолыма қалам алып,
Ауыл жайлы жыр жазбасам жаным сырқат .

Толық

Өмір деген

Өмір деген өтіп барат тоқтаусыз,
Бекер жылжып жатқандай еш жалғаусыз,
«Өмірімде не жақсылық істедім?» деп,
Ой-санама сауал келер санаусыз.

Толық

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Толық

Көкке ұшты бес періште

Түн кезінде көкке ұшты бес періште,
Сия алмады өзі сүрген мекенде.
Суық үйде тәтті түстегі бөбектерді,
Сұм жалын шарпып өтті бір мезетте.

Толық